Венгрия Астанадағы Түркі академиясына бақылаушы мәртебесін алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - БҰҰ Бас Ассамблеясының 72-ші сессиясы шеңберінде өткен Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесіне (ТМЫК, Түркі кеңесі) мүше елдердің Сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуінде Венгрия Астанадағы Түркі академиясы халықаралық ұйымына (TWESCO) бақылаушы мәртебесін алды. Кездесуге қатысушылар Венгрия өтінімін бірауыздан мақұлданды.
None
None

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ақпаратына сәйкес, кездесуде негізінен Түркі кеңесінің бүгінгі қызметі мен келешегіне қатысты мәселелер талқыланды.

2015 жылдың 11 қыркүйегінде Астанада өткен ТМЫК Саммитінде қабылданған шешімдердің орындалу барысы мен Қырғызстанда өтуі тиіс келесі Саммитке дайындық шаралары да күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі болды.

Министрлер сондай-ақ, Түркі Кеңесі мен БҰҰ және оның арнайы ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты кеңейту шараларын талқылады.

Бұдан бөлек, алқалы жиында Түркі кеңесінің қазіргі Бас хатшысы Рамиль Гасановтың өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты келесі Бас хатшы Қазақстан тарапынан сайланатыны белгілі болды. Қатысушылар жаңа басшының қашан және қай мерзімге тағайындалатыны қосымша хабарланатынын жеткізді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, ағымдағы жылдың мамыр айында Венгрияның Сыртқы сауда және Сыртқы істер министрі Петер Сийярто Мажарстанның Халықаралық Түркі академиясына толық құқылы бақылаушы мәртебесін алу жөніндересми өтінім берген болатын. 

 

Соңғы жаңалықтар