Венгрия б.э.д. IV ғасырдағы «Зевс қазынасының» жартысын 15 млн. долларға сатып алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Венгрия билігі өткен ғасырдың 70-жылдары ел аумағынан табылған, бірақ шекарадан асып кеткен күміс ыдыс-аяқтардың бірегей топтамасы - «Зевс қазынасының» жартысын отанына қайтарып алды.

Венгрия б.э.д. IV ғасырдағы «Зевс қазынасының» жартысын 15 млн. долларға сатып алды

Бұл туралы баспасөз конференциясында Венгрияның премьер-министрі Виктор Орбан мәлімдеді. Үкіметтің деректеріне сүйенсек, жеті күміс бұйымды сатып алу 15 млн. долларға түскен, барлық топтама 100 млн. долларға бағаланған, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

"Зевс қазынасында" - күмістен жасалған төрт табақ, бес құмыра, екі шелек, тостаған, қобдиша және қола қазан бар. Өнертанушылардың деректеріне сүйенсек, олардың бәрі біздің дәуірге дейінгі IV-V ғасырларда жасалған. Бір табақшада сыйға тартылғаны туралы ойып жазылған, жазбада: «Бұл сыйлық, Сізге, Зевске, жылдар бойы қызмет етсін» делінген.

Венгрия үкіметі мәлім еткендей, бірегей күміс бұйымдары парламентте көпшілік назарына ұсынылмақ. Көрем деушілерге есік ашық. Ал 2018 жылдан бастап «Зевс қазынасы» Будапештің жаңа мұражайына қойылады.