07:36, 22 Қараша 2011 | GMT +5
Венгрия Еуроодақ пен ХВҚ-дан ақша сұрады
АСТАНА. 22 қараша. ҚазАқпарат - Венгрия Еуропалық одақ пен Халықаралық валюта қорына қаржылық қолдау көрсету жөнінде өтініш жасады, деп хабарлады Росбалт агенттігі.

Ел басшылығы сақтық ретінде бұл ұйымдар көрсететін кез келген қолдау түрінен бас тартпайтынын білдірді. Талдамашылардың болжамы бойынша, 2011 жылы Венгриядағы экономикалық өсім ЕО-ға соңғы жеті жылда кірген он елдің ішінде ең төмен болып, небәрі 0,5 пайызды құрамақ.