Венгрия қазаққа жаны ашитын және оның мүддесін Еуропада қорғай алатын жалғыз ел ? ҚР ҰҒА академигі Оразақ Ысмағұлов

АЛМАТЫ. Маусымның 5-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Венгрия қазаққа жаны ашитын және оның мүддесін қорғай алатын Еуропадағы жалғыз ел. Бұл туралы бүгін Алматыда ашылған «Ғасырлардан кейінгі қауышу: Қазақстан мен Венгрияның тарихи-мәдени байланыстары» деп аталатын фотокөрменің ашылу рәсімінде айтылды,

Венгрия қазаққа жаны ашитын және  оның мүддесін Еуропада қорғай  алатын жалғыз ел ? ҚР ҰҒА академигі  Оразақ Ысмағұлов
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Кеңес уақытында екі халықтың тарихи-мәдени жақындығын зерттеуге мүмкіндік болған жоқ. Венгриядан 1965 жылы антрополог Тот Тибор бір айға қазақтың Торғай өңіріндегі мадияр руына қатысты ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуге келген кезде де МҚК мүмкіндігінше кедергі келтірді. Одан кейін венгр спортшыларының келуіне де мүмкіндік бермеді. Олардың бізге деген ынтызарлығы өте күшті. Бізге жақын болғысы келеді. Өйткені бұлар Еуропада мың жылға жақын тұрса да оларды еуропалықтар өгей санайды. Қаншама уақыт жалғызсырағанын және көрген қысымын мадиярлар ешқашан ұмытпайды», дейді тарих ғылымының докторы, Шоқан Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері Оразақ Ысмағұлов. ҚР ҰҒА академигінің айтуынша, Қазақстан мен Венгрия Кеңес дәуіріне дейін де жақындаса алмады. Тек еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ғана тарихи-мәдени байланыстарды ретке келтіріп, ынтымақтастықты дамыту қарқын ала бастады.