Венгрия мен Хорватияның шекарасында қоршау орнайтын болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бірнеше күннен кейін Венгрия Хорватия жері арқылы республикаға Таяу Шығыс елдерінен мигранттар еніп жатқандықтан қолға алынған екі ел шекарасына қоршау орнату жұмысын аяқтайды. Бұл туралы Хорватия радиосы хабарлады.

Венгрия мен Хорватияның шекарасында қоршау орнайтын болды

Оның ақпаратынша, шекарада биіктігі бір жарым метрге жететін тікенекті сымдардан жасалған қоршау орнатылып жатыр. «Жұмыстар келер аптаның басында аяқталады», - делінген радиостансаның хабарламасында.

Жұмыстардың жедел түрде жүргізіліп, оларға әскери қызметкерлер мен полицейлердің қатысып отырғаны атап өтіледі. Фото: Muhammed Muheisen / AP