Венгрияда Абай институты ашылады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат -С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің (ШҚМУ) ұстаздары мажарларға қазақ тілін үйретеді. Сол үшін Венгрияда Абай институты ашылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Венгрияда Абай институты ашылады

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ базасында Ахмет Байтұрсыновтың 145 жылдығына арналған конференция өтті. Аталмыш жаңалық осы конференция барысында мәлім болды. Будапешт қаласында қос елдің университет ректорларының форумына қатысқан Мұхтар Төлеген Сегед университетінің басшылығымен осындай келісімге келген.
null

«Мажарлар қазақ елімен рухани байланысын нығайту үшін тілімізді үйренбекші. Абай институты осы мақсатта ашылып отыр. Бізден баратын қос оқытушы Сегед университетінің базасында қандастарымызға қазақ тілін үйретеді. Иниститут біздің тараптан қаржыландырылады», - дейді ректор Мұхтар Төлеген.

ШҚМУ базасында өткен конференция «Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ жазуының тарихы» тақырыбына арналды. Ғылыми-тәжірибелік конференцияның пленарлық отырысында қазақ жазуының тарихы, А. Байтұрсыновтың қазақ тіл білімінің дамуына қосқан үлесі және латын қарпіне негізделген жаңа әліпбидің ерекшеліктері талқыға салынды.
null

Конференция аясында қатысушылар «Латын әліпбиі - өркениет жазуы» және «А. Байтұрсыновтың еңбегі және жазу реформасы» атты екі секцияда жұмыс істеуде.