Мажарстанда өтетін дзюдодан Grand Slam турнирінде ел намысын кімдер қорғайды
АСТАНА. KAZINFORM — Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Мажарстанның Будапешт қаласында өтетін Grand Slam турниріне қатысатын спортшылардың алдын ала тізімін жариялады.
Жарыста Қазақстан атынан 15 спортшы татамиге шығады. Ұлттық құраманың толық құрамы мынадай:
Ерлер:
60 келіге дейін: Мағжан Шамшадин, Нұрәділ Алжан;
66 келіге дейін: Ақжігіт Насыр, Мейірбек Байзақов;
73 келіге дейін: Есет Қуанов, Ерсұлтан Дүйсенхан;
81 келіге дейін: Досхан Жолжақсынов;
90 келіге дейін: Ермахан Әнуарбеков, Даниил Крылов;
100 келіге дейін: Асқар Біржанов;
100 келіден жоғары: Ғалымжан Қырықбай, Жантілек Нұртілепұлы.
Әйелдер:
48 келіге дейін: Диана Буркеева;
78 келіден жоғары: Кәмила Берліғаш, Акерке Рамазанова.
Айта кетейік, халықаралық турнир 11-13 қыркүйек аралығында өтеді.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан таеквондодан Пәкістандағы турнирде екі қола медаль жеңіп алғанын хабарлаған едік.