Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстан таеквондодан Пәкістандағы турнирде екі қола медаль жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан таеквондодан Пәкістанның Лахор қаласында өтіп жатқан President Cup турнирінде жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Қазақстан таеквондодан Пәкістандағы турнирде екі қола медаль жеңіп алды
Фото: ҚР ҰОК

Отандастарымыз аталған турнирде екі мәрте жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

49 келіге дейінгі салмақта Нұрай Бауыржанова мен Рита Бакишева қола жүлдеге ие болды.

Айта кетейік, халықаралық турнир 20 тамызға дейін жалғасады.

Еске салайық, бұған дейін Қазыбек Қалмағамбетов грек-рим күресінен әлем чемпионатында топ жарғанын хабарлағанбыз.