Венгрияда «Пластикалық операция аруы» сұлулық конкурсы өтеді
АСТАНА. Қазанның 8-і. ҚазАқпарат - Жұма күні, қазанның 9-ында Венгрияда пластика хирургтері пациенттерінің арасында сұлулық конкурсы басталады. Miss Plastic Hungary 2009 деген атаумен өтетін іс-шара - бұл, оны ұйымдастырушылардың айтуынша, тарихтағы осындай байқаулардың тұңғышы.
18-ге толған қыздардың ауру жазбаларында ең болмаса бір рет пластикалық операция жасатқаны бар болса, конкурсқа жіберіледі. Ботокс инъекциясын және басқа да белгісіз ем қабылдағандар - конкурсқа қатысу үшін талаптарға жеткіліксіз.
Барлық конкурсқа қатысушыларды ұйымдастырушылар екі топқа - 30-ға дейін және 30-дан кейін деп бөлінді.