Венгрияда жүктілік кезінде «қайтыс болған» әйел бала туды

«Біздің мақсатымыз тек қана баланың туылуына мүмкіндік беру емес, сонымен қатар оның дүние есігін дені сау болып ашуына жағдай жасау болды», - деп келтіреді доктор Сцилла Молнардың сөзін The Daily Mail. Бала аздап шала туған, себебі ол жүктілік кезеңінің 27-ші аптасында дүниеге келген. Алайда, оның салмағы 1,42 келі болғанына қарамастан, дәрігерлер ұл баланың дені сау және оның өміріне төніп тұрған ешқандай қауіп жоқ екенін айтуда.
Атап өтейік, қайтыс болған әйелдің жүрегі, бауыры, бүйрегі және ұйқы безі басқа адамдарға трансплантацияланып, ол кемінде төрт адамның өмірін құтқарып қалды. Босанғаннан кейін екі күн өткен соң баланың анасы тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінен ажыратылды. Венгрия ауруханалары үшін бұл қалыпты тәжірибе, деп жазады The Daily Mail, себебі осы уақытта дәрігерлер мүшелерді трансплантациялау үшін барлық қажетті оталарды өткізіп үлгереді.