Венгриядан Австрияға апаратын жолда 24 шақырымға созылған көлік кептелісі орын алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Венгриядан Австрия астанасы Венаға апаратын жолда екі елдің шекарасындағы көлікті тексеру күшейтілгеннен кейін ұзындығы 20 шақырымға созылған көлік кептелісі орын алды, деп хабарлады Рейтер агенттігі.
None
None

Қозғалыстың қиындауы негізгі автомагистральда ғана емес, сонымен қатар өзге жолдарда да орын алуда, деп хабарлады мемлекеттік жол ұйымының өкілі Мадьяр Козут (Magyar Kozut).

Австрия билігі Венгриядан келетін көліктерді тексеруді күшейтті. Бұған венгриялық нөмірлі жүк көлігінде ондаған босқынның тұншығып қаза табуы себеп болды. Соңғы мәліметтерге қарағанда, 70-тен астам адам ажал құшқан.

Соңғы жаңалықтар