Венгрияның жаңа президенті еуродепутат болды
АСТАНА. 3 мамыр. ҚазАқпарат - Венгрияның жаңа президенті болып «Фидес» басқарушы партиясының негізін қалаушылардың бірі, еуропарламент мүшесі Янош Адер сайланды, деп хабарлады РБК.
Бұл шешім бүгін венгриялық парламентпен расталды, деп хабарлады MTV мемлекеттік арнасынан.
Я.Адердің кандидатурасын Венгрияның қазіргі премьер-министрі Виктор Орбан ұсынған болатын.
Күтілгендей, Я.Адер парламенттік көпшілік дауыспен сайланды - оны депутаттардың үштен екісі қолдады. Бірмезгілде бірқатар оппозициялық партия дауыс беруден бас тартты.
Жаңа президент қорытындылар расталғаннан кейін көп ұзамай ант қабылдады. Ол ресми түрде мемлекет басшысы қызметіне 10 мамырдан бастап кіріседі.
Естеріңізге сала кетейік, елдің бұрынғы президенті Паль Шмид 1992 жылы ғылыми диссертациясын жазу кезінде шығармашылық ұрлық жасағаны анықталып, оған қызметінен кетуге тура келді. Саясаткердің айтуынша, «жеке мәселе» венгриялық қоғамның жікке бөлінуіне әкеліп соқтырды, ал бұл республика президентінің беделімен үйлеспейді.
Я.Адердің өкілдік мерзімі 2017 жылы аяқталады.