01:13, 26 Сәуір 2014 | GMT +5
Верона қаласының мэрі қаңғыбастарға тамақ бергендерге 500 еуро айыппұл салмақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Италиядағы Верона қаласының мэрі Флавио Тоси көшедегі қаңғыбастарға тамақ беретіндерге айыппұл салуға бел буды.
Қаңғыбастықпен күресті мықтап қолға алған қала басшысы тұрғындарға ғана емес, туристерге де 500 еуро көлемінде айыппұл салуды қарастырып отыр, деп жазады Corriere della Sera басылымы.
Мэрдің сөзіне қарағанда, үйсіз-күйсіз жандар қалалық саябақты тұрғылықты мекені етіп алған. Қазіргі уақытта Веронада 260 мың адам тұрып жатса, оның бір мыңы - қаңғыбастар.
Газеттің жазуынша, мэрдің бұл идеясын қала тұрғындарының бір бөлігі қолдап отыр.
Ал кейбір жергілікті кеңес депутаттары мұны қала басшысының сайлау алдындағы әрекетіне балайды.