«Vertu» телефондары Қытайда шығарылуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Godin Holdings» (Гонконг) қоры қымбат смартфондар шығарушы «Vertu» люкс компаниясын сатып алды, деп жазады «Financial Times».

«Vertu» телефондары Қытайда шығарылуы мүмкін

Алайда, келісімшарт талаптары айтылмаған. Vertu атқарушы директоры Массимилиано Поглиани келісім жасалған соң отставкаға кетті. Оның сөзіне қарағанда, лидерлік эстафетасын жаңа командаға тапсыру уақыты келген.

2012 жылдан бері Vertu швециялық «EQT VI» компаниясының иелігінде болды. Оны «Nokia»-дан 200 млн еуроға сатып алған болатын.

Еске сала кетейік, «Vertu» телефондарының негізін 1998 жылы финляндиялық компания қалады. «FT» атап өткендей, «Nokia»-да қазірдің өзінде «Vertu»-дің шағын акциялар пакеті бар.

«Vertu» алғашқы телефонын 2002 жылы ұсынды, 2015 жылға қарай компания әлем бойынша 450 мың смартфон сатты.