«Весь мир» басылымына - 10 жыл

АЛМАТЫ. 19 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Интернет ғасыры журналистиканы өлтіреді» деген жеңілдетілген көзқарас деп ойлаймын. 

«Весь мир» басылымына - 10 жыл

Бүгін Алматы «Весь мир» халықаралық газетінің бас редакторы Юрий Киринициянов барлық құрлықтан материалдар басылатын Қазақстандағы тұңғыш басылымының 10 жылдығына арналған баспасөз мәслихатында осындай пікір білдірді.

«Вес мир» газетінде біз принципті түрде интернеттен көшірмейміз деп жазып қойдық. Өйткені ғаламторда кез келген адам жаза алады. Онда қызықты материалдарға  сілтеме жасап, сандарды, фактілерді  алуға болады алайда көшіруге болмайды. Біздегі материалдардың барлығы бірегей», - дейді Ю.Киринициянов. Оның айтуынша, бұл газет - өз елінің және ғаламшардың тарихы, бүгіні мен болашағына немқұрайлы қарамайтын зиялы қауымды біріктіруды алдына мақсат етіп қойып отыр.