Ветеринария қызметінің көлігінде ит тұншығып өлді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда "Ветеринария орталығы" МКК аймағында қызметкерлердің бірінің көлігінде хаски тұқымды ит өліп қалған. 

Ветеринария қызметінің көлігінде ит тұншығып өлді

Жануар көліктің жүк салғышында 30 градустық ыстықта тұншығып қалған.

Қалалық ауыл шаруашылығы жəне ветеринария басқармасынан хабарлағандай, кəсіпорынның директоры Салават Бектемісов пен жануарларды аулау қызметінің басшысы Марат Жүнісов, жүргізуші Илья Камазаев қызметтерінен уақытша шеттетілді.

Ит Камазаевтың көлігінде өлген. Тергеу нəтижесі кейінірек хабарланатын болады.