Ветеринария жүйесін мемлекеттік басқару мен реттеуге бағытталған заң жобасы мақұлданды ? Мәжіліс

АСТАНА. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне ветеринария мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.
None
None
Енді заң жобасы Парламент Сенатына жіберіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Аталған заң жобасының негізгі мақсаты ? еліміздегі ветеринария жүйесін мемлекеттік басқару және реттеу болып табылады. Сонымен бірге, құжатта ветеринария ұйымдарының қызметін қайта қарау, ветеринариялық-санитарлық салауаттылықты және тамақ өнімінің, ветеринарлық дәрі-дәрмектің қауіпсіздігі шаралары қамтылады. Қазақстанның алдағы уақытта ДСҰ-ға кіруі жануарлардың денсаулығын және өндірілетін тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы белгілі бір құқықтық нормаларды енгізуді қажет етеді. Осыған орай, заң жобасында тиісті тетіктер қарастырылып, еліміздегі жануарлардың жұқпалы аурулары бойынша эпизоотиялық ахуалды жақсартуға, сондай-ақ, тамақ өнімінің ветеринарлық-санитарлық тұрғыдан қауіпсіз өндірісін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Құжатты екінші оқылымға әзірлеу барысында палата депутаттары бірқатар түзетулер енгізген. Бұлардың басым бөлігі жобаның жекелеген нормаларын жақсарту және оларды заң техникасының ережелеріне сәйкес келтіретін редакциялық сипатта болып отыр. Атап айтқанда, депутаттар тарапынан ұсынылған түзетулердің бір бөлігі ветеринариялық қызметтердің алдына қойылған ветеринариялық-санитарлық қауіпсіздікті және әл-ауқатты қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді іске асыруға бағытталады. Бұдан басқа, халық қалаулылары ветеринария саласындағы уәкілетті органның құзіретін қайта қарауды ұсынған болатын. Бұл мәселеге Үкімет тарапынан оң қорытынды берілген.
Соңғы жаңалықтар