08:24, 09 Сәуір 2020 | GMT +6
Ветеринарлар COVID-19 анықталғандардың мысығын карантинге жіберуге кеңес береді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Британдық ветеринарлар қауымдастығы COVID-19 коронавирусымен ауырғандардың үйіндегі мысықты оқшаулауға кеңес береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNN-ге сілтеме жасап.
«Коронавирус жұқтырғандар тұратын үйдегі мысықты иелері үйден шығармауы арқылы оқшаулауы керек. Бұл үй карантиніндегі адамдарға да қатысты»,- деп есептейді мамандар.
Қауымдастықың айтуынша, осы кезге дейін жануарларда COVID-19-ға қатысты аз жағдай тіркелген. Вирус адамнан жануарға берілуі мүмкін.
«Үй жануарлары COVID-19-ды иелеріне жұқтыратынына ешқандай дәлел жоқ», - деді қауымдастықта.
Сондай-ақ ветеринарлар вирус жануарлардың жүнінде болуы мүмкін екенін ескертеді, сондықтан қолды жуу - өзіңді қорғаудың ең жақсы тәсілі.
Еске сала кетсек, Нью-Йорк зообағындағы жолбарыстан коронавирус табылған еді.