Ветеринарлар қағазбастылықтан босатылады - АШМ
Оның айтуынша, ветеринарлық дәрігерлер үшін барлық тиісті ветеринарлық іс-шараларды уақтылы жүргізу үлкен проблема болды. Ветеринарлар шалғай учаскелерге барып, деректерді журналға енгізуге және қайтып оралғаннан кейін жұмыстың нәтижелерін «Ауыл шаруашылығы жануарларын индентификациялау» ақпараттық жүйесіне енгізуге мәжбүр. Бұл жұмыстарға көп уақыт бөлу керек.
«Осы мәселені шешу үшін министрлік смартфондарға, планшеттерге тиісті қосымша (VetLab) әзірледі. Былтырғы желтоқсан айынан бастап осы жүйе Батыс Қазақстан облысында ілкі жоба ретінде енгізілді. Біз бұл тәжірибені оңтүстік өңірлерде жалғастырдық. Қазіргі кезде Түркістан облысында да осындай пилот жоба іске қосылды. Сонымен қатар, қалған өңірлер де осы талаптарға сай келіп тұр. Сондықтан тиісті құрал-жабдықтар мен планшеттер сатып алынады», - деді Бағлан Бекбауов.
Ауыл шаруашылығы министрлігі мәліметіне қарағанда, аталған қосымша ақпарат жинауды, беруді және талдауды автоматтандырады. Бұл тұрғыда ветеринар қағазбастылықтан босатылып, мал өнімдерін нақты бақылау мүмкіндігі пайда болады. Байланыс жоқ жерлерде ыңғайлы болу үшін осы қосымша интернетсіз жұмыс істей алады.
Ветеринарлар шалғай учаскелерге барып, бұл қосымша арқылы мал басын тіркей алады, дерекқор арқылы тексере алады, сондай-ақ жүргізілген ветеринариялық іс-шараларды көрсете алады.