Ветеринарлық дәрігерлер 149 тонна қауіпті азық-түлік өнімін Қазақстанның нарығына өткізбеді

АСТАНА. 11 желтоқсан. ҚазАқпарат - Биылғы 11 айда азық-түлік  қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар аясында ветеринарлық бақылауға тиесілі нысандардың 78 800 инспекциялық тексерісі өткізілді. Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің алқа мәжілісінде мәлім болды.
None
None

Белгілі болғандай, тексеріс нәтижесінде 149 тонна қауіпті азық-түлік өнімі нарыққа өткізілмеді, оның 43 тоннасы жойылды.

Тексерістердің қорытындысы бойынша заңды және жеке тұлғаларға қатысты 48 458 ескерту және 56 778 бұйрық шығарылды. Ветеринария саласында заңнаманы бұзған үшін 7 944 тұлғаларға қатысты  39 574,6 мың теңгеге әкімшілік шаралар қабылданған екен.

Соңғы жаңалықтар