VI Астана экономикалық форумы аясында 60-қа жуық түрлі шаралар өтеді

АСТАНА. 14 наурыз. ҚазАқпарат - Биылғы 22-24 мамыр аралығында өтетін VI Астана экономикалық форумы аясында 60-қа жуық түрлі шаралар өтеді. Бұл туралы бүгін Астанада аталған форумға (АЭФ) байланысты баспасөз мәслихатында «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» қауымдастығының президенті Мұрат Кәрімсақов мәлім етті.
None
None

«Бүгінде АЭФ-тың басты ұйымдастырушысы «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубымен» дайындық пен ұйымдастыру шаралары және бағдарлама бойынша жұмыстар 99 пайызға аяқталды. Қазіргі кезде ұйымдастырушылар логистикалық және техникалық мәселелер тұрғысындағы жұмыстарды жалғастыруда. Атап айтқанда, форумның бекітілген бағдарламасы енді өзгермейді», - деді М. Кәрімсақов.

Белгілі болғандай, VI АЭФ-те көтерілетін тақырыптар «2013 жылдағы шикізат бағасының және ғаламдық экономиканың өсу болашағы», «Инфрақұрылым мен инновациялық технологиялар», «Халықаралық нарықтағы бәсекелестік бағыты», «Экономикалық өсімнің әлеуметтік аспектілері», «Қаржылық жүйе мен ғаламдық қауіп-қатерлерді болдырмаудың әрекеттері» атты бағыттарда өрбімек.

Айта кетейік, биылғы 6-шы Астана экономикалық форумына қатысу үшін шетелдіктерге 8 мыңнан аса шақыртулар жіберілді. Осы орайда қазіргі кезде 60 мемлекеттің мәртебелі тұлғалары, Нобель сыйлығының 10 лауреаты, 40-тан аса ірі іскерлік корпорацияларының басшылары, сонымен қатар 11 мемлекет және Үкімет басшылары, 15 министр мен орталық банктердің басқарушылары, халықаралық ұйымдардың басшылары қатысуға ниетті екендіктерін құптады.

Соңғы жаңалықтар