VI Астана экономикалық форумында инновациялық кластерлерді қалыптастыру мәселесі талқыланады

АСТАНА. 6 мамыр. ҚазАқпарат - VI Астана экономикалық форумы аясында инновациялық орталықтардың жетекші өкілдері және инновация саласындағы топ-менеджерлер инновациялық кластерлерді қалыптастыру мәселесін талқылайды,
None
None

деп хабарлады primeminister.kz сайты ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«VI Астана экономикалық форумы аясында ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі және «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ бірлесіп «Индустриялық революция - «жасыл» экономикаға көшу» атты панельдік сессиясын өткізеді», - делінген ведомство мәлімдемесінде.

Сессия барысында «жасыл» экономиканың негізгі сипаттамалары, оның даму жолындағы кедергілер, шет елдердің жаңа экономикалық үлгіге ауысуы бойынша озық тәжірибелері, сондай-ақ экономиканы жаңғырту мен тұрақты дамытудың басқа да өзекті мәселелері талқыланады.

Талқылау нәтижесінде Рио+20 Саммитінің шешімдерін іске асыруға бағытталған одан әрі жасалатын практикалық қадамдар бойынша ұсынымдары бар бұрыштамаларды әзірлеу жоспарланып отыр.

Бұл шара қазақстандық және шетел сарапшылары, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер тарапынан жоғары қызығушылық тудырды. Сессия жұмысына 100-ден аса адам қатысады.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың мамыр айында сессияның ұйымдастырушылары G-global ақпараттық-коммуникативтік алаңында он-лайн конференцияны өткізуді көздейді.

Соңғы жаңалықтар