VI Азия жағажай ойындары: Жағажай волейболынан Қазақстан командалары жарысты сәтті бастады
АСТАНА.KAZINFORM - Қытайдың Санья қаласында VI Азия жағажай ойындары өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Бүгін жағажай волейболынан ерлер командалары арасындағы алғашқы ойын болды.
Топтық кезеңде Қазақстан-1 жұбы (Сергей Богату мен Кирилл Гурин) Лаосты 2 сетте жеңді.
Ал Қазақстан-2 жұбы (Дмитрий Яковлев пен Абдулмаджид Мұхаммад) Корея спортшыларынан басым түсті (2-0).
Айта кетейік, Богату мен Гурин бүгін тағы бір матч өткізеді. Олар Шри-Ланка жұбы Тушар Витаранаге мен Додангодаже Гарди Хевавасамамен кездеседі.
Қытайдың Санья қаласында 2026 жылғы VI жағажайдағы Азия ойындарының ашылу салтанаты өткенін жазған болатынбыз.
Жағажайдағы Азия ойындары: қазақстандық спортшылардың толық жарыс кестесі шықты.