VI халықаралық «Азия балалары» ойындарында ОҚО спортшылары жеңіс тұғырынан көрінуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Таяуда Саха Ремпубликасының Якутск қаласында VI халықаралық "Азия балалары" спорттық ойындарының жалауы көтерілген болатын.
None
None

 Бұл додаға Оңтүстіктің 31 спортшысы да қатысуда, деп хабарлайдыОҚО әкімінің баспасөз қызметі. 

Бәсекеге түскен жерлестеріміздің арасынан әйелдер күресінде Әбен Дариға және Нулифар Раимова мен Аяулым Туғамбаева күмістен алқа тақса, Аяжан Марқашева алғашқы үштікті қорытындылады. 

Ал дзюдо күресінен 44 келілер арасында татами төрінде күрескен Балкүміс Қалдыбек жүлделі екінші орыннан көрінді. Сонымен қатар, спорттың бұл түрінен Молдаш Кемелбек те қола медаль иесі атанды. 

Тағы бір жерлесіміз самбо күресінен үздіктер арасынан көрінсе, 38 келіде Сара Құлым облыс қоржынына қола медаль салды.   

Соңғы жаңалықтар