15:31, 19 Ақпан 2016 | GMT +5
VI қысқы Ұлттық Универсиаданың жабылу салтанаты «Kazsport» арнасында көрсетіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 19 ақпан күні кешкі сағат 21.00 де «Kazsport» телеарнасы Алматыда мәресіне жеткен VI қысқы Ұлттық Универсиаданың жабылу салтанатын көрсетеді, деп хабарлады «Қазақстан» РТРК» АҚ баспасөз қызметінен.

Оңтүстік астанамызда өткен қысқы жарысты ұйымдастырушылар - 2017 жылы жалауын желбіретер Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың басты дайындығы деп бағалаған болатын. Ұлттық Универсиадаға Қазақстанның 35 жоғары оқу орындарынан 1000 студент қатысып, 10 спорт түрінен керемет нәтижелер көрсетті.
VI қысқы Ұлттық Универсиадаға қатысты материалдарды «Kazsport» телеарнасының ресми сайтынан көруге болады.