«ВИА Гра» әншісі Андрей Малаховтың журналынан 6 миллион рубль талап етуде

АСТАНА. 4 шілде. ҚазАқпарат - Әнші Альбина Жанабаева бас редакторы танымал тележүргізуші Андрей Малахов болып табылатын Star Hit журналынан өтемақы есебінде 6 миллион рубль өндіріп алу үшін сотқа шағымданды.

«ВИА Гра» әншісі Андрей Малаховтың журналынан 6 миллион рубль талап етуде

1tv.kz -ның «РИА Новостиге » сілтеме жасап хабарлағанындай, Жанабаеваның ісі бойынша сот тыңдауы Мәскеудің Симонов сотында 16 шілдеде өтеді. Соттың баспасөз хатшысы Олег Шассаевтың сөзіне қарағанда, әнші өз арын, абыройы мен іскери беделін қорғау мақсатында шағымданыпты.

Айта кетейік, Star Hit журналының беттерінде жақында Жанабаеваның суреті бар екі мақала шықты. Әншінің ойынша, журнал оның жеке өміріне заңсыз араласып, тіл тигізген.