Вице-министр «Бәйтерек» арқылы бөлінген қаражаттың есебі туралы сұраққа жауап берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Қаржы вице-министрі Данияр Жаналинов Үкіметтің бұрынғы басшысы Асқар Маминнің «Бәйтерек» холдингіне қатысы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Республикалық бюджетте 309 млрд теңге «Бәйтерек» ұлттық компаниясына Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы қайта өңдеу саласына бағыттау үшін бөлінеді. Ол ақшаның ашық жолмен бөіленітініне кім кепілдік береді? Осы ақшаға шынымен мұқтаж кәсіпкерлерге бөлінген қаражат жете ме? Оны айтып тұрғаным, кейбір БАҚ аталған қаражат А. Мамин мырза сияқты жоғары лауазымда болған шенеуніктердің афилирленген компанияларына бөлінгенін жазғанын көрген шығарсыз- деп сұрады журналист ведомствода өткен брифингте

Данияр Жаналинов бұл сұраққа министрлік атынан ресми мәлімет бере алмайтынын айтты.

«Мұны нақты осы кісімен байланысты шот па, ол қаржы қалай болды дегенге ведомство тарапынан айтуға құқығым жоқ. Себебі заңсыздық орын алған болса, тиісті органдардың дерегімен дәлелденіп, соттың шешімі шығу керек.

Өз тарапымыздан бөлінген қаржы бойынша бақылау жүргіземіз. Бақылаудың тиісті нәтижесі бойынша Парламентте тыңдаулар өткіземіз», - деп қысқа қайырды.

Сондай-ақ «Бәйтерек» арқылы қайта өңдеу өнеркәсібінің өкілдеріне берілуі тиіс несиелер заңсыз игерілген болса, заңнама бойынша жауап тартылатынын атап өтті.

«Бәйтерекке» 309 млрд теңге бөлінді деп отырсыз ғой. Оның өзінің талабы бар. Ол ертең қалай игеріліп, қандай нәтижеге жетуі керектігі көрсетіледі. Нәтижеге жетпеген болса, жоспарға қосқан адамдар тиісті тәртіктңк жауапкершілік арқалайды. Қазіргі таңда бюджеттік кодексте мұндайға жол берген лауазымды адамдар қаржылық та, қылмыстық та жауапкершілікке тартылатыны қарастырылған», - деді вице-министр.

Айт кету керек, 13 мамырда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Асқар Маминге қатысты ешқандай іс қозғалмағанын мәлім еткен болатын.


Соңғы жаңалықтар