16:29, 27 Ақпан 2009 | GMT +5
Вице-министр қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды - Қаржы полициясы
АСТАНА. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қаржы полициясы Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Әлжан Бірәлиевті қамауға алды. Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз хатшысы Дәмежан Есімбекова мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бірәлиевке ауыр қылмыс жасады деген айып тағылып, күдікті ретінде ұсталды», деді баспасөз хатшысы.
Д. Есімбекова тергеу амалдарының құпиялығына байланысты Ә. Бірәлиевке қандай айып тағылып отырғандығы туралы ашып айтпады.