Вице-министр: Салық мәселелері бизнестің пайдасына шешіледі
«Бизнес тарапы түсініксіз жағдайда барлығын салық салушылар пайдасына шешпеуді өтініп отыр. Себебі бизнес өкілдері кінәлі емес жағдайлар орын алуы әбден мүмкін. Осы орайда адал қызмет етіп жүрген бизнесті қалай қорғай аламыз? Біріншіден, барлық түсініксіз тұстары мен қателер салық төлеушінің пайдасына шешіледі. Мұндай қағидат салықтық дауларды әділ қарауға мүмкіндік береді», - деді ҚР Ұлттық экономика бiрінші вице-министрі Руслан Дәленов.
Егер де салық төлеуші салық органының түсіндіруіне сәйкес әрекет еткен болса және оның салдарынан ұстаным өзгерсе, онда айппұлдар мен өсімпұлдар салық төлеушіге салынбайды. Бұл ретте идеология адал салық төлеушілерді қорғауға бағытталып, экономиканың әр түрлі салалары ынталандыруға ие болады.
Оның сөзіне қарағанда, аталған тетіктерді пайдалану арқылы туындайтын даулардың көбісін жеңіл шешуге болады.