13:55, 16 Қаңтар 2009 | GMT +5
Вице-министр тарифтермен қатар абоненттік төлемдер енгізуді ұсынды
АСТАНА. Қаңтардың 16-сы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгінде еліміздегі электрстансалардың материалдық - техникалық жағдайы сын көтермейді. Осыған байланысты қандай да бір қаржылық ресурстарды қарастыру қажет.
Бүгін ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің кеңейтілген алқа отырысында ҚР Энергетика және минералды ресурстар вице-министрі Дүйсенбай Тұрғанов осы мәселені атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Сондықтан, бүгінде тариф саясатын қайта қарап, электр- қуат өндіруші компаниялардың құрал-жабдықтарын жаңарту ісіне ерекше басымдық беру қажет. Бұл жерде біз Еуроодақ елдерінің тәжірибесін қолдап, оны іске асыруды дұрыс деп санаймыз. Ол мемлекеттерде тұтынушылар электр-қуат саласындағы компаниялармен рәсімделген келісім-шарттардың негізінде желілерді пайдаланғаны үшін білгіленген ақыны төлейді. Бұл ақы бүгінгі абоненттік төлем ретінде компанияға аударылып, электрстансаларының материалдық-техникалық жағдайын жақсартуға жіберіліп отырады. Біздіңше, ондай тәжірибені енгізген жөн», - деді Д.Тұрғанов.
Вице-министр атап көрсеткендей, бүгінде еліміздегі электрстансалардағы жабдықтардың тозығы 70 пайызға дейін жеткен.