Вице-премьер астананың білім беру ұйымдарына барды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов елорданың білім беру ұйымдарына барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
None
None

Е. Тоғжанов №65 мектепке жапсарластыра салынып жатқан ғимарат құрылысымен танысты. Бұл мектептің жобалық қуаты бір ауысымда 1200 орынды құрайды, бүгінде 3 мыңнан астам оқушы оқиды. Орын санын арттыру мақсатында 1,2 мың оқушыға арналған қосымша құрылыс салынып жатыр.

Сондай-ақ Премьер-Министрдің орынбасары ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған №1 арнайы мектеп-интернаттың жұмысымен танысты.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласында инклюзивті оқытуды қажет ететін 14 мыңнан астам бала тұрады. 3 мамандандырылған білім беру ұйымдарының базасында 1204 бала үшін оқыту ұйымдастырылған. №1 арнайы мектеп-интернатта 520 бала оқиды, 125 орындық интернат бар.

№1 арнайы мектеп-интернаттың қолда бар инфрақұрылымы күндізгі/сағаттық болу шеңберінде қосымша сабақтар өткізу үшін ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар контингентін кеңейтуге мүмкіндік береді. Бұл мүмкіндік мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға жүктемені азайтуға ықпал етеді.

Сондай-ақ Ералы Тоғжанов елорданың білім беру ұйымдары өз мысалында мүмкіндігі шектеулі адамдарды оқыту мен кәсіби даярлауда кедергісіз ортаның қалай құрылатынын көрсетуде үлгі болуы тиіс екенін атап өтті.

«2021 жылы Мемлекет басшысы инклюзивті білім беру мәселелері бойынша заңнамалық өзгерістерге қол қойды. Дәл осы заңнамалық актіде бастапқы және базалық негіздер қаланған. Жауапты мемлекеттік органдардың міндеті – заңнамалық нормалардың мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету», — деді Е. Тоғжанов.

Сапар соңында вице-премьер қайта құрудан кейін жақында ашылған Көктал-2 тұрғын алабындағы «Қорғалжын» саябағына барды. Скверде балалар мен ересектердің бос уақытын өткізуге арналған алаңдар, мәдени және қоғамдық іс-шаралар өткізуге арналған аймақ, спорт алаңы бар. Мұнда шахмат пен үстел теннисіне арналған үстелдер орнатылған.

Нысанды аралау барысында Е. Тоғжанов Көктал-2 тұрғын алабының тұрғындарымен кездесу өткізді, оның қорытындысы бойынша қала әкімдігіне және мүдделі мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді.






Фото: primeminister.kz

Соңғы жаңалықтар