Вице-премьер Ербол Орынбаев Қостанайда Жол картасының жүзеге асырылу мәселесін талқылады

ҚОСТАНАЙ. Сәуірдің 23-і. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ – Премьер-Министрдің орынбасары Ербол Орынбаев Қостанай облысында жұмыс бабындағы сапармен болды,

Вице-премьер  Ербол  Орынбаев   Қостанайда    Жол  картасының  жүзеге асырылу   мәселесін   талқылады
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жол картасын жүзеге асыру мәселелеріне арналған кеңесте вице-премьер облыстағы дағдарысқа қарсы іс-шараларды жүзеге асыруға жауапты шенеуніктердің баяндамаларын тыңдады. Елбасының ағымдағы жылғы "Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға" атты Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі дағдарысқа қарсы іс-шаралардың жергілікті нұсқасы аясында жалпы сомасы 4,9 миллиард теңгенің 44 ірі инвестициялық жобасын жүзеге асыру жоспарлануда. Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары Виктор Мейстердің хабарлауынша, бұл соманың 1,332 миллиард теңгесі- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын қайта жабдықтауға қарастырылса, 1,32 миллиард теңге сома ? жолдарды жөндеуге, 2,2 миллиард теңге - әлеуметтік маңызды нысандардың құрылыстарына, 100 миллион теңге ? облыстың 86 елді мекенін абаттандыру мен санитарлық тазалауға арналып отыр. Аталған жобалардың барлығында жаңа жұмыс орындарын ашу қарастырылған. Премьер-Министрдің орынбасары сапар барысында, сондай-ақ Рудный мен Қостанай қалаларындағы бірқатар әлеуметтік және өндірістік нысандарды аралады.