Вице-премьер Ербол Орынбаев «Время» газетінің тілшісімен кездесті

АСТАНА. 31 қаңтар. ҚазАқпарат - Премьер-Министрдің орынбасары Ербол Орынбаев бүгін «Время» республикалық газетінің тілшісі Виктор Бурдинмен кездесті,

Вице-премьер  Ербол  Орынбаев «Время»  газетінің тілшісімен   кездесті

деп хабарлады Үкімет басшысының баспасөз қызметінен.

25 қаңтарда өткен Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Ербол Орынбеков пен Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбековаға «Время» газеті тілшісінің мақаласында көтерілген мәселелерді тексеру, автормен кездесу және қабылданған шаралар туралы баян ету туралы тапсырма берген болатын.

Бүгінгі кездесу барысында еліміздің денсаулық сақтау саласының ағымдағы жағдайы мен даму перспективасы талқыланды. Журналистке 2010 жылдың 1 қаңтарынан бері күшіне енген Денсаулық сақтау саласының бірыңғай ұлттық жүйесінің енгізілу барысы туралы, оның жұмыс тетіктері және халықтың денсаулығын қорғау саласын қайта құрудың кейінгі кезеңдерін жүзеге асыру үшін қабылданып жатқан шаралар туралы мәліметтер берілді.

Е.Орынбаев денсаулық сақтау саласын дамыту мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу мақсаттары туралы, оның негізгі бағыттары мен денсаулық сақтау саласының мемлекеттік жүйесін қайта құрудың нәтижесінде қол жеткізу жоспарланып отырған мақсатты индикаторларға нақты түсініктеме берді. Тілшімен болған әңгіме барысында сондай-ақ медицина саласын басқаруды жетілдіру бағытында қабылданып жатқан шаралар туралы да айтылды.

Кездесу барысында вице-премьер денсаулық сақтау министріне халықтың денсаулығын қорғау саласында жедел әрекет ету және шұғыл шаралар қабылдау жөніндегі жұмыс комиссиясын құру туралы тапсырма берді.

Одан кейін кездесу Денсаулық сақтау министрлігінде жалғасты. Оған ведомство министрі Салидат Қайырбекова, министрлік комитеттері мен «СК-Фармация» АҚ-ның басшылары қатысты.