Вице-премьер-ИЖТМ басшысы Әсет Исекешев: Мойнақ ГЭС-ін салу кестеге сай жүргізілуде

ТАНА. 27 қыркүйек. ҚазАқпарат - Мойнақ ГЭС-інің құрылысы кестеге сай жүргізілуде. Мемлекет басшысы тапсырғандай, стансы мерзімінде іске қосылады.
None
None

Бұл туралы салынып жатқан нысанда болған кезінде ҚР вице-министрі-индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев айтты, деп хабарлады ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрлігі ақпарат басқармасының баспасөз қызметі.

«Бұл жоба Үкіметтің ұдайы бақылауында. Бүгін үкіметтік топ стансыны және оның инфрақұрылымдарының нысандарын тексеріп шықты. Орындалған жұмыстардың ауқымы - 90 пайыздан асады, плотина салынған, деривациялық жүйе құрылысы аяқталып келеді, ГЭС ғимаратының жабдықтарын монтаждау жүрізілуде; гидроэнергетиктерге арналған кент (коттедж үлідегі 80 тұрғын үй), ғимараттар, жолдар, желілер салынуда. Қазір ГЭС құрылысының жауапты кезеңдерінің бірі - Бестөбе су қоймасына 238 млн. текшеметр сумен толтыру жұмыстары басталды. Бір сөзбен айтқанда, құрылыс жұмыстары қызу жүргізілуде, Президент тапсырғандай, ГЭС желтоқсанда пайдалануға беріледі», - деді Ә.Исекешев.

Вице-премьердің айтуынша, энергетика саласында бұл жоба оңтүстік аймақтар, әсіресе Алматы қаласы үшін өте маңызды. Мойнақ ГЭС-і пайдалануға берілгеннен кейін орташа жылдық электр энергиясын шығару көлемі 1 млрд. кВс-тан асады. Осыған байланысты Қазақстанның оңтүстігінде қарбалас уақыттарда электр жүктемесін жабу проблемасын ішінара шешеді.

Бұдан басқа, бұл жобаны шын мәнінде халықтық қрылыс деп атауға болады. Қазір онда 1 мыңнан астам адам жұмыс жасап жатыр. Стансы іске қосылғанда 127 адам тұрақты жұмыс орнына ие болады.

Қуаты 300 МВТ Мойнақ ГЭС-ін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ның «Самұрық-Энерго» компаниясы жүзеге асыруда. Ол қуаты жағынан Қазақстандағы бесінші гидростансы болмақ және тәуелсіздік жылдарында пайдалануға берілетін елдің алғашқы энергетикалық өнім беретін құрылысы болмақ.

Мойнақ ГЭС-інің бірегейлігі сонда, ТМД кеңістігіндегі жоғары арынды үш ГЭС-тің бірі, оның 500 метр сарқырамасы бар. Нысанды пайдалануға беру желтоқсан айына - Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына жоспарланып отыр. Жобаның жалпы құны - 360 млн. АҚШ долларынан асады. Стратегиялық маңызды инфрақұрылымдық жобаны үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру ауқымында Қазақстанның Даму банкі мен Қытайдың Мемлекеттік даму банкі қаржыландыруда. ҚДБ бойынша несие желісі 133 млн. АҚШ долларына дерлік қаражатты құрайды, сондай-ақ «Самұрық-Энерго» 38 млн. доллар көлемінде өз қаржысын салды.

Соңғы жаңалықтар