Вице-премьер шетелдік кәсіпорындарға салынатын кедендік баж салығының мөлшерін көтеру қажет деп санайды

АСТАНА. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Премьер-Министрдің орынбасары Өмірзақ Шөкеев шетелдік кәсіпорындарға салынатын кедендік баж салығының мөлшерін көтеру қажет деп санайды.
None
None
Ол бұл пікірін бүгін Үкіметтің селекторлық кеңесінде білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Селекторлық кеңесте еліміздегі көптеген кәсіпорындар қазіргі таңда импорттық кедендік баж салығы мәселесін көтеріп жатқанына тоқталған Ө. Шөкеев: «Бізде дайын өнімдерімен шетелдік кәсіпорындармен бәсекелесіп жатқан кәсіпорындар бар. Шетелдік кәсіпорындарға салынатын кедендік баж салығы өте төмен. Оны көтеруге болады, қарау қажет», - деді. Үкімет басшысы орынбасарының айтуынша, республикамыздағы бірқатар кәсіпорындар шетелдерден құрамдауыштарды импорттайды. Оларға алынатын кедендік баж салығының мөлшерін төмендеткен жөн. «Бізге қазір бұл құралды (кедендік баж салығы-ред.) белсенді түрде іске қосу қажет. Сондықтан кедендік баж салығын реттеу жөнінде апта сайын Үкімет қаулысын қабылдаған жөн болар. Біздің қазіргі барлық қызметіміз өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарына көмектесуге жұмылдырылуы тиіс», - деді вице-премьер.
Соңғы жаңалықтар