ВИЧ-тен емдейтін дәрі бірнеше айдың ішінде дайын болмақ

АСТАНА. 30 сәуір. ҚазАқпарат - Адамды ВИЧ-инфекциясынан емдейтін дәрі жасалуына бірнеше ай қалды. Данияның жаңа емдеу технологиясымен айналысып жатқан зерттеушілері осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлады МедикФорум сайты.
None
None

Aarhus University университеті жанындағы госпитальдің ғалымдары адам ДНК-сынан АҚТҚ-ны (ВИЧ) жұлып алатын технологияны жасап шығарды. Ол иммундық жүйені вирусті жоюға икемдейді. Қазіргі кезде зертханалық сынақтар аяқталды. Енді адамдарға алғашқы тәжірибе басталды. Ғалымдар ВИЧ-ке қарсы әлемдегі алғашқы дәріні шығаратын күн алыс емес деген үмітте.

Қазір ВИЧ-тен емделудің жаңа технологиясын 15 ерікті пациент өздерінде сынақтан өткізуде. Ол өзінің тиімділігін көрсеткен жағдайда тәжірибеге ВИЧ-ке шалдыққан көптеген адамдар тартылмақшы. Зерттеушілер жетекшісі доктор Оле Согард өз жобасының «жүз пайыз дерлік» табысты болатынына сенімді.

«Біздің міндетіміз адамның иммундық жүйесін танып, вирусты жоюына үйрету, - дейді доктор Согард. - Бұған нақты әрбір адамның иммунитетінің сезімталдығы мен күшіне қарай толық қол жеткізуге болады».

Бұл қуанышты хабар бұған дейін сәтсіз аяқтаған эксперименттен кейін белгілі болды. Мұның алдында американдық үкімет 2 504 адам қатысқан ВИЧ HVTN 505 вирусынан емдейтін вацинаны клиникалық сынақтан өткізуді тоқтату туралы шешім қабылдаған болатын. Кәдімгі салқын тиюден болған вируске негізделген вакцина организмге ВИЧ генін жеткізіп, инммундық жүйенің назарын аударуға тиіс болатын, алайда вакцина тиімсіз болып шықты.

Соңғы жаңалықтар