ВИДЕО: Екі адам мінген шағын қайықты арқасына көтере жүзген кит туралы видео 2 млн. көрілім жинады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Екі адамды шағын қайығымен қоса арқасына көтере жүзген кит түсірілген видео YouTube-қа салынған 4 күннің ішінде 2 млн-нан астам көрермен жыйды, деп жазады РИА Новости.
Авторлардың хабарлауынша, олар сол күні киттерді бақылап, оларға жақын жерде жүзіп жүрген. Бір кезде алып киттің бірі қайықтың астына қарай жүзіп келіп, адамдарды арқасына мінгізген күйі біраз жерге барған. Кейін ақырын ғана қайықты су бетіне қондырып, өздері жөнімен кеткен. Осы сәтті екі ескекшінің бірі видеоға түсіріп отырған.