ВИДЕО: ҚХР басшысы мен оның әйелінің арасындағы махаббаты жайлы ролик көрсетілім бойынша рекорд орнатуда
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай көшбасшысы мен оның әйелінің арасындағы аса жылы қарым-қатынасқа арналған ән бұл елдің ғаламторында кеңінен танымал болды, деп хабарлады РИА Новости.
ҚХР төрағасы Си Цзиньпинь мен оның жары Пэн Лиюаньның видео жиынтығы бір сайтқа орналастырылып, бұл сайттан бейнекөрініс соңғы сегіз күнде ғана 56 млн рет қаралған.
Әнді Қытай орталығындағы Хэнань провинциясының 4 жас музыкантынан құралған топ шығарды.
"Бұл махаббат туралы ән. Онымен ерлі-зайыптылар арасындағы ыстық сезім жайлы ғана айтқымыз келді ", - деп түсіндірді топ мүшесі Юй Жуньцзе.