12:20, 24 Қыркүйек 2011 | GMT +5
VII халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің бас жүлдесін «Көктемнің бірінші жаңбыры» фильмі жеңіп алды
ТАНА. 24 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазақстандық режиссер Ерлан Нұрмұхамбетов пен жапон режиссері Сано Синдзюдің «Көктемнің бірінші жаңбыры» картинасы VII халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің ең үздік фильмі атанды.

Төрешілер төрағасы оңтүстіккореялық кинрежиссер Ким Ки Дук жеңімпаздарға 20 мың АҚШ долларын табыс етті.
Е.Нұрмұхамбетовтің атап өтуінше, жоба жапон тарапынан қаржыландырылған. Кинофестиваль аясында алғаш рет көрсетілген туынды коммерциялық кино емес.
Сонымен қатар «Үздік режиссерлік жұмыс» аталымында қазақстандық «Шуақты күндер» картинасы танылып, режиссері Нариман Төребаевқа 10 мың АҚШ доллары табыс етілді.
Естеріңізге сала кетейік, 19 қыркүйекте басталған кинофестиваль Егор Михалков-Кончаловскийдің «А»-ға оралу» фильмімен ашылған болатын.