VII халықаралық Жәутіков олимпиадасына 14 елдің өкілдері қатысуда

АТЫ. 17 қаңтар. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Өткен сенбі күні Алматыда математика, физика, информатикадан VII халықаралық Жәутіков олимпиадасы ашылды.

VII  халықаралық Жәутіков олимпиадасына 14 елдің өкілдері қатысуда

Олимпиадаға әлемнің 14 елінен 46 команда, 296 үміткер қатысуда. Олардың білімін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов пен ҚР ҰҒА академигі Асқар Жұмаділдаев бастаған әділқазылар таразылайтын болады.

Олимпиаданың басты мақсаты - оқушылар арасында физика-математика пәндерін насихаттау және халықаралық әріптестікті дамыту, түрлі мемлекеттер арасында мамандандырылған мектептердің достық байланысын нығайту, тәжрибе алмасу. «Халықаралық Жәутіков олимпиадасы физика -математика саласында мамандандырылған мектептер арасында өтетін ерекше интеллектуалдық сайыс. Олимпиада сондай-ақ бүкілодақтық олимпиадаларды жалғастырушы»,- дейді шараны ұйымдастырушы Республикалық физика-математика мамандандырылған мектебінің директоры Қайрош Мәкішев.