VII Инновациялық конгресте Қазақстанның инновациялық даму есебі тыңдалады

АСТАНА. 10 мамыр. ҚазАқпарат - V Астана экономикалық форумы аясында өтетін VII Инновациялық конгресте Қазақстанның инновациялық даму есебі тыңдалады.
None
None

Қазақстанның Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі хабарлағандай, 22-25 мамыр күндері Астанада өтетін V Экономикалық форумы барысында БҰҰ-ның Еуропалық экономикалық комиссиясының «Қазақстанның инновациялық дамуына шолу» атты жобасы таныстырылады. Бұл құжат жақында Женева қаласында бысылып шықты. Ол кезде Қазақстанның бүгінгі инновациялық дамуын БҰҰ-ның Еуропалық экономикалық комиссиясының Инновациялық және бесекеге қабілетті саясат мамандары талқылаған болатын. Енді, Астанадағы V Экономикалық форумы аясында өтетін VII Инновациялық конгресте аталған құжат көпшілік қауымның назарына ұсынылады.

Айта кетейік, биылғы Инновациялық конгрестің негізгі тақырыбы - «Инновациялық бизнес - бәсекеге қабілетті экономикаға алып барар жол». Конгресс жұмысына Германия, Жапония, Корея, Швейцария, Италия, Ресей, Франция, АҚШ, Ұлыбритания, Түркия, Иордания, Латвия, Чехия мен Малайзияның белді сарапшылары қатысады.

Соңғы жаңалықтар