VII Қысқы Азия ойындарын насихаттау бойынша журналистер арасында байқау жарияланды

АСТАНА. Қазанның 6-сы. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - 2011 жылғы VII Қысқы Азия ойындарын насихаттау бойынша журналистер арасында «Жаңа белестер алауы» атты республикалық байқау жарияланды.

VII Қысқы Азия ойындарын насихаттау бойынша журналистер арасында байқау жарияланды

Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының Орталық аппаратында өткен брифингіде VII Қысқы Азия ойындарын өткізудің елордалық дирекциясының директоры Наиль Нұров мәлім етті.

«Алау эстафетасын өткізудегі шаралардың бірі журналистер арасында «Жаңа белестер алауы» республикалық байқауын өткізу болып табылады. Оның мақсаты журналистік қоғамдастықты Алау эстафетасына дайындық барысы туралы хабарлар тарату мен халықты бұл олимпиадалық дәстүр жайында ақпараттандыруға барынша тарту болып табылады», - деді Н.Нұров.

Байқауға барлық бұқаралық ақпарат құралдарының тілшілері қатыса алады. Оған Алау эстафетасына қатысты 2010 жылғы желтоқсанның 1-іне дейін басылым беттерінде жарияланған не болмаса эфирге шыққан материалдар қабылданады. Байқау нәтижелері 2010 жылғы желтоқсанның соңында шығарылады. Басты жеңімпаз алаугер ретінде Алау эстафетасына қатысу мүмкіндігіне ие болады.