VII Қысқы Азия ойындарында шаңғымен тұғырдан секіруде қазақстандықтардың басты қарсыластары Жапон спортшылары болуы мүмкін

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстандық шаңғымен тұғырдан секірушілер 2011 жылы VII Қысқы Азия ойындарында жүлделі орындарға таласа алады. Оны ҚР Шаңғымен тұғырдан секіру федерациясының президенті Андрей Вервейкин ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында айтты.
None
None

„VII Қысқы Азия ойындарында шаңғымен тұғырдан секіру жарысына жарыс қожайындарынан басқа Жапония, Корея және Қытай құрамалары қатыспақ. Онда біздің басты қарсыластарымыз Жапон спортшылары болуы мүмкін. Қыркүйектің 25-26 күндері Алматыдағы халықаралық шаңғы трамплині кешенінде өткен Құрлықаралық кубокқа корейліктер негізгі, ал жапондықтар 2-ші құраммен келді", дейді Андрей Юрьевич. ҚР Шаңғымен тұғырдан секіру федерациясы президентінің айтуынша, Құрлықаралық кубокта алдағы Азия ойындарында қазақстандықтарға қарсылас болатын Жапония мен Корея спортшылары өз деңгейінде өнер көрсетті. Ал бұл жарыстан сырт қалған қытайлықтардың деңгейі әзірге аса жоғары емес. Олар бұл жарыста Корея құрамасы мүшелерінің қабілет-қарымын өз көздерімін көріп, бағалауға мүмкіндік алды. Сондай-ақ алдағы уақытта өз күш-жігерлерін қайда шоғырландыру керектігін бағамдап отыр.

Соңғы жаңалықтар