VII Қысқы Азия ойындарыың Алау эстафетасына барлығы 1020 алаугер іріктеп алынады - Н.Нұров
АСТАНА. Қазанның 6-сы. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - 2011 ылы астана мен Алматыда өтетін VII Қысқы Азия ойындарының Алау эстафетасына барлығы 1020 алаугер іріктеп алынады. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» ХДП-ның Орталық аппаратында өткен брифингіде Ақ Азиаданы өткізу бойынша елордалық дирекцияның директоры Наиль Нұров мәлім етті.
«Азия ойындарының тарихында алғаш рет қысқы Алау эстафетасы өткізіледі. Ол қаңтардың 11-і күні Азия ойындарының штаб-пәтері орналасқан Әл-Куәйт қаласында тұтанады. Қаңтардың 12-сінен бастап алау еліміздің барлық өңірлерін аралайды да, қаңтардың 30-ы күні Астанаға жеткізіледі. «Астана-Арена» стадионында өтетін Азия ойындарының ашылу салтанаты барысында Олимпиада алауының басты қазандығы жағылады», - деді Н.Нұров.
Оның айтуынша, Алау эстафетасына 1020 алаугер іріктеп алынады. Оның 100-і Эстафета алауын - елордада, 80 - Алматыда және 60 - әрбір облыс орталықтарында алып жүреді.