VIII Еуразия медиа форумы «Өзекті тақырыпқа ? ашық әңгіме» деген тақырыппен өтеді

АЛМАТЫ. Наурыздың 18-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда сәуірдің 23-24 күндері өтетін VIII Еуразия медиа форумы «Өзекті тақырыпқа – ашық әңгіме» деген тақырыппен өтеді. Оны бүгін арнайы баспасөз мәслихатын өткізген ұйымдастырушылар мәлімдеді,

VIII Еуразия медиа форумы «Өзекті тақырыпқа ? ашық әңгіме» деген тақырыппен өтеді
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Еуразия медиа форумының бас продюсері Владимир Рерихтың айтуынша, екі күндік бұл алқалы жиындағы басты мәжілістер ? «Ғаламдық қаржы дағдарысы», «Қазіргі журналистикадағы шынайылық мәселесі: ақиқат пен түсінік арасындағы айырмашылық» (Оңтүстік Осетия мен Газа аумағындағы қақтығысты көрсетудің ерекшелігі), «АҚШ-тың жаңа әкімшілігі: үміт пен болжам»; «Медиа кеңістікті виртуалдандыру», «Блог саласы дамуының феномені» деген тақырыптар бойынша өтпек. Оған әлемнің әр елінен журналистер, саясаткерлер, медиасарапшылар мен кәсіпкерден 420 делегат қатыспақ. Олардың арасында БҰҰ, ЕҚЫҰ, НАТО және тағы басқа ықпалды халықаралық ұйымдардың жоғары лауазымды тұлғалары мен әлемдік медиақоғамдастық пен талдау орталықтарының жетекшілері болады деп жоспарланып отыр.