Викингке ұқсайтын норвегиялық лейтенант Instagram желісін бағындырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Норвеги Әскери-теңіз флотының лейтенанты Ласс Матберг (Lasse Matberg) Instagram желісін бағындырды, пайдаланушылар оны викингке қатты ұқсатады, деп жазды Lenta.ru.

Викингке ұқсайтын норвегиялық лейтенант Instagram желісін бағындырды

Ставангер қаласының тұрғыны Матберг 2013 жылы Instagram әлеуметтік желісінде парақшасын ашты. Бұл уақытта оның аккаунтына 109 мыңнан астам адам жазылды. 30 жастағы ер адамның сөзіне қарағанда, өзінің денесін спорттық қалыпта сақтау үшін тренажер залына барудың орнына отын жарады екен.