Википедия 2014 жылдың ең маңызды оқиғаларын сараптады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгілі «Википедия» онлайн-энциклопедиясы 2014 жылы орын алған маңызды оқиғаларға шолу жасады.«Wikimedia Foundation» ұйымының қолдауымен шығарылған бейнеклипте Википедия пайдаланушыларының көзқарасы есепке алынып, 2014 жылғы маңызды оқиғалар алынған. Маңызды оқиғаларды айқындау кезінде редакторлар мен оқырмандардың контенті ескерілген, деп жазады Ferra.ru.
Википедия оқырмандарын елең еткізген тақырыптардың ішінде малайзиялық «Боинг» апатын қоса алғанда, Украинадағы қайғылы оқиға, Сочидегі Олимпиада ойындары мен Бразилияда өткен футболдан әлем чемпионаты, Шотландиядағы тәуелсіздік референдумы, Фергюсондағы тәртіпсіздік, Мексикадағы жаппай жоғалған студенттер және тағы басқалар.