03:19, 06 Сәуір 2012 | GMT +5
Виктор Гюгоның жеке заттары 3,2 миллион еуроға сатылды
АСТАНА. 6 сәуір. ҚазАқпарат - Парижде Christie's аукционында жазушы Виктор Гюгоның жеке мүліктері 3,2 млн. еуроға сатылды, деп хабарлады Утро.ру.

Одан түскен табыс ұйымдастырушылардың күткендегісінен үш есе асып түсті.
Гюгоның отбасына тиесілі 500 кітаптың, картиналардың, фотосуреттердің және интерьер заттарының ішінде 409 мың еуроға сатылған «Бельгиялық кәдесый» акварелі ең пайдалы лот болды.