Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Виктор Кумыков «Атырау» ФК жаттықтыратын болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Атырау» футбол командасының бас жаттықтырушысы қызметіне Виктор Кумыков тағайындалды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Виктор Кумыков «Атырау» ФК жаттықтыратын болды

Виктор Кумыков командаға бас жаттықтырушы ретінде таныстырылған.

Виктор Кумыков «Шахтер» командағы жұмысымен танымал. «Шахтер» 2011 және 2012 жылдары Қазақстан чемпионы атанса, 2013 жылы Қазақстан Суперкубогын, 2013 жылы Қазақстан Кубогын жеңіп алған. Сондай-ақ, бұл бапкермен қарағандылық команда Қазақстанның футбол тарихында тұңғыш рет Еуропа Лигасының топтық кезеңіне шыққан. 

Сонымен қатар, ол «Спартак» Нальчик (Ресей), «Елімай» (Қазақстан), «Қайсар» (Қазақстан), «Машал» (Өзбекстан), «Насаф» (Өзбекстан), «Шахтер» (Қазақстан), «Ордабасы» (Қазақстан), «Алмалык» (Өзбекстан) командаларында бас жаттықтырушы болып жұмыс істеген.