Виктор Ющенко Юлия Тимошенконы Украина премьер-министрлігінен босату туралы мәлімдеме жасады
АСТАНА. Желтоқсанның 14-і. ҚазАқпарат - Украина Президенті Виктор Ющенко премьер-министр Юлия Тимошенконы және үкіметтің экономикалық бағытын ауыстыру қажеттілігін айтып отыр.
Бұл туралы В.Ющенко Львов облыстық телекомпаниясының тікелей эфирінде мәлім етті, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.
«Бізге премьермен және ол ұстанған бағытпен тезірек қоштасу керек», - деп мәлім етті Ющенко өз сөзінде. Оның айтуынша, «ағымдағы бюджет 30 пайызға да орындалмаған». «Оған қоса, бюджеттік тапсырмалардың 50 пайызының қаржыландыру көзі жоқ», - деп мәлім етті Ющенко өз сөзінде.